Үстел теннисінен Қазақстан командасы АІВА базасында жаттығу өткізіп жатыр

Үстел теннисінен Қазақстан командасы Бүкіләлемдік бокс академиясының базасында (АІВА, Алматы облысы) оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

5d43293033658

Жаттығу кезеңі бапкер әрі кеңесші Дмитрий Левенконың басшылығымен өтуде.

«Мұнда осымен екінші рет оқу-жаттығу жиындарын өткізудемін. Спортшылардың ойын әдісін жақсартып, техникасын дұрыстауға көңіл бөліп жатырмыз. Жаттығу жұмыстары өз жемісін беруде. Жас спортшылардың техникасы жақсарып келеді. Ендігі кезекте психологияға мән беріп, соққыларды орындау және қабылдауға назар аударамыз. Бұл жиында техниканы екінші планға қалдырып, ментальды жаттығуды бірінші орынға шығардық. Бұл спортшының өз эмоциясы мен ойларын жинақтап, бақылауда ұстауына мүмкіндік беретін психологиялық жаттығулардың жиынтығы», - дейді Левенко. 

  Olympic.kz