Әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды

3e5db82808defbbd077df00f3ea5a2dd_L

Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды.

Президент кубогі додасында Ерәлиев үндістандық Синх Кавиндерді жеңді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Құрлық додасына Қайрат төрешілер шешімімен қарсыласқа жол берген еді. Азия чемпионатында Кавиндер финалға жетіп, күміс жүлдегер атанды. Өз жеріміздегі жекпе-жекте Ерәлиев 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

19 шілде күні өтетін жартылай финал бәсекесінде ол Алматы облысының өкілі Рустам Рустамовпен кездеседі.