Алакөлде дуатлоннан республикалық турнир өтуде

Алматы облысында дуатлоннан екінші республикалық турнир өтіп жатыр.

e564fa156a55d7fe6ad2f6fd63833837_L

Алакөл жағалауында ұйымдастырылған спорттық шараға еліміздің 100 жеңіл атлеті қатысуда. Олар 4 жас ерекшелігі бойынша спорттың екі түрінен сынға түсті. Жарыс екі және үш шақырымдық қашықтыққа жүгіру мен 10 шақырымдық велошеруден тұрады. Республикалық турнирге қыздар мен жас жеткіншектер де қатысты. Қорытындысында жеңіл атлетикадан Азия чемпионы Данияр Орманғали жарыс жеңімпазы атанды.

Данияр Орманғали, Азия чемпионы:

– 2024 жылы Париж Олимпиадасына барсам деген ойдамын. Қатысқанымыздың өзі көк туды желбіретіп, әлемдік деңгейде өзімді шығарсам деймін.

Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы:

– Алакөл – туристердің көп келетін аймағы. Алматы облысында керемет жердің барын дәріптеп, насихаттау.