Алматы облысында параплан спортынан әлем кубогі сарапқа салынып жатыр

Алматы облысында параплан спортынан әлем кубогі сарапқа салынуда. Дүниежүзілік додаға әлемнің 24 елінен 120 спортшы қатысып жатыр.

paraplany

Төрткүл дүниенің кіл мықты парапланшыларыі Жетісу жерінде бас қосты.Солардың қатарында атағы алысқа тараған Словения, Қытай, Корея мен Чехияның командалары бар. Үздік ондыққа кіретін Қазақстан құрамасы да байрақты бәсекеде өнер көрсетеді. Ел абыройын асқақтатып жүргендердің бірі әрі бірегейі Алмас Ахметов.

Алмас Ахметов, жарысқа қатысушы:

- Бүкіл дүниежүзінде енді тәй-тәй басып келе жатқан спорттың түрі. Соған қарамастан, біздің қазақ спортшылары алдыңғы ондыққа кіруде. Азия бойынша үшінші орындамыз.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жарыстың шарты бойынша спортшылар қырандай қалықтап, тау етегіндегі шеңбердің дәл ортасына түсуі қажет. 30 сантиметрлік белгінің үстіне қону сырт көзге оңай көрінгенмен іс жүзінде өте қиын шаруа. Өйткені, желдің бағытын бағамдап, табаны тиетін жерді дәл есептей білуі керек.

Жарысқа қатысып жатқандардың ең үлкені 76 жаста. Жапония спортшысы Ешики Ока  жарты ғұмырын осы салаға арнаған. 35 жыл ішінде сан түрлі жарысқа қатысып, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетіпті. Күншығыс елінің өкілі парапланмен бір рет көкке көтерілген адам, осы спорттан алыстап кете алмайды дейді. 

Ешики Ока, жарысқа қатысушы:   

- Өте әдемі жер екен. Әсіресе ұшып қонуға қолайлы. Жарыс алаңы үлкен болғандықтан, қауіпсіз. Бұл адамға еркіндік сыйлайтын ең әдемі спорт. Әлем біріншілігіне дейін Екпінді ауылында Қабанбай батыр кубогі мен Азия чемпионаты өткен болатын. Құрылықтық жарыста жерлестеріміз екінші орын алды. Ал бас жүлдені Тайландтық спортшылар еншіледі.  

Нуннапат Фучонг, Азия чемпионы:

- Қазақстанға биыл бірінші рет келдік және бас жүлдені жеңіп алдық. Бұл жеңіске мол тәжірибенің арқасында қол жеткіздік. Әлем кубогі үш күнге жалғаспақ. Соның нәтижесінде жарыс жеңімпаздары анықталып, марапатталады.