Алматы облысының хоккейшілері Таиландта өткен жарыста алтын мен күміс медаль алды

15-21 шілде күндері аралығында Таиландтың Чонбури қаласында индор хоккейден ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

0a8c1277695e2e56807c69003916777a_L

Аталған жарысқа 10 мемлекет қатысқан.

Облыстық спорт  басқармасының ақпаратынша, Алматы облысының спортшыларынан құралған Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы алтын медальдің, ал ерлер құрамасы күміс медальдің иегерлері атанды.


Құрама жаттықтырушылары Махмуд Орман мен Нұржан Бейбітов.

Фото: Алматы облысының спорт басқармасы.