Ауыр атлетикадан ҚР спартакиадасының алғашқы күні қорытындыланды

Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында ауыр атлетикадан ҚР спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. 

5a20af8dad511bf37372552f4c19bef5_L

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды.

Қыздар арасында  45 келі салмақ дәрежесі бойынша: Юлия Потасова (Алматы облысы), Айнұр Әбдіхалықова (Жамбыл облысы), Айым Мұхамеджановалар (Ақмола облысы) үздік үштіктен көрінді. 49 келіде  Наталья Бедрик (Алматы облысы), Алтыншаш Оразбек (Нұр-Сұлтан) және Диана Серебряковалардың  (Ақмола облысы) бағы жанды. Ерлер арасында жеңімпаз атанғандар:

55 келі

1. Игорь Сон (Алматы облысы) 2. Арли Чонтей (Шымкент) 3. Алексей Дроздов (Алматы облысы).

61 келі

1. Тимур Хасаров (Алматы облысы) 2. Азамат Төлеген (Қызылорда облысы) 3. Виктор Надворный (Алматы облысы).