Садақ атудан Қазақстан командасы Токиодағы тестілік турнирге қатысады

10-19 шілде аралығында Жапония астанасы Токиода садақ атудан халықаралық тестілік турнир өтеді.

de11ea40aeeb45f6654a8f56b39b38e3_L

Осыған орай садақ атудан Қазақстан құрама командасы Алматы облысы Талғар қаласы маңындағы АІВА академиясының базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. 

Жаттығу жиыны 30 маусымда басталмақ. 9 шілдеге дейін жалғасатын дайындық кезеңіне ұлттық құрама мүшелері түгел қатысады. Ал Токиодағы турнирге мына спортшылар қатысады: Ильфат Абдуллин, Сұлтан Дүзелбаев, Санжар Мұсаев, Қаракөз Асқарова, Гаухар Игібаева, Алина Ильясова.

Команда бас бапкері – Григорий Ким.