Талдықорғанда денсаулық фестивалі өтті

Талдықорған қаласының Қаратал өзенінің жағалауында «Денсаулық фестивалі – 2019» бұқаралық спорттық шарасы өтті.

8d5016c9e97126a54423226cc2d1e62d_L

Шараны Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы және Талдықорған қаласының әкімдігі ұйымдастырды.

Фестиваль барысында облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжінің спортшылары флеш-моб көрсетіп, қалалық №1, №2 және №4 орта мектеп оқушылары черлидинг биі конкурсын ұйымдастырды.

Жүгіріс қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1 орынды қалалық №1 емхана қызметкері Айдана Айдынқызы иеленсе, ерлер арасында 1 орынды қалалық жедел-жәрдем қызметі станциясының қызметкері Қанат Дүйсен иеленді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі.