Талдықорғанда тұңғыш рет көгалдағы хоккейден Орталық Азия Кубогы өтті

2-8 қыркүйек күндері Талдықорған қаласындағы «Көгалдағы хоккей» стадионында ерлер арасында көгалдағы хоккейден I Орталық Азия Кубогы өтті.

f40b38a7f0ae7300ce224c3113f210b6_L

Жарысқа 5 мемлекеттен 80-нен аса спортшы қатысты. Жарыстың марапаттау рәсіміне Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы, грек-рим күресінен Пекин Олимпиадасының күміс медаль иегері Нұрбақыт Теңізбаев, көгалдағы хоккейден Барселона Олимпиадасының қола медаль иегері, Әлем және Азия ойындарының жеңімпазы, Пакистан Республикасы құрама командасының капитаны Тахир Заман, I Орта Азия Кубогы жарысының директоры Абдулла Хариси (Оман мемлекеті), жарыстың бас төрешісі Рашад Батт (Пакистан мемлекеті), көгалдағы хоккейден Азия федерациясының және осы жарыстың менеджері, Орта Азия мемлекеттері арасында көгалдағы хоккейді дамыту комитетінің басшысы Захид Али (Пакистан мемлекеті) және Қазақстан Республикасының көгалдағы хоккей федерациясының бас хатшысы Серік Ахметұлы Калимбаев қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды - Қазақстан Республикасы, 2 орынды - Оман мемлекеті, 3 орынды – Өзбекстан Республикасы иеленді.

Фото: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.