Жамбыл ауданында ұлттық ат спортынан бәйге өтеді

30 тамыз күні Алматы облысы Жамбыл ауданы «Көкбастау» ипподромында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ұлттық ат спорты бәйге түрлерінен республикалық жарыс өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

741d8be09573486066989a222571f255_L

Жарыс бағдарламасында: 25 шақырымға – аламан бәйге, 16 шақырымға – топ бәйге, 9 шақырымға – жорға аттар жарысы, 11 шақырымға – құнан бәйге жарысы және 5 шақырымға тай жарысы өткізіледі.

Сонымен қатар теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер назарларыңызға ұсынылады. Бәйгенің барлық түрлерінен жүлдеге автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі.

Жарыстың барлық түрлеріне жазылу: Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі № 222 үй, 304, 307 бөлме, тел: 8-7282 25-52-96, 25-64-08 (факс), Жамбыл аудандық әкімідігі: тел. 8(72770)2-71-34. Жарысқа тіркелу - 29 тамыз күні.

Жарыстың салтанаттты ашылуы 30 тамыз күні, сағат 10.00-де.

Фото: Интернет.