Ислам Ілиясұлы Байрамуков

Күрес

bairam

1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы Каменка ауылында туған. Қарашай. Республикалық олимпиадалық резерв училищесін;

Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын дене шынықтыру мен спорт оқытушысы мамандығы бойынша (1993) бітірген.

1993 жылдан - «Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы.

2010 жылдан бері - ҚР Күрес федерациясы президентінің еркін күрес жөніндегі кеңесшісі.

Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000);

XII Азия ойындарының қола жүлдегері (Хиросима);

Азия чемпионы (Гьюлин, 2000);

Орталық Азия ойындарының чемпионы (1995).

Халықаралық кластағы спорт шебері (1999).

Еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000).

«Парасат» орденімен (2000) марапатталған.