Карина Хаважевна Горичева

Ауыр атлетика

karina

8 сәуір 1993 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2014ж ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы, 2014 жылы Инчхон (Корея) ХVII жазғы Азия ойындарында 4 орынды иеленді, Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы Спартакиадасының алтын медаль иегері. 2016 жылдың маусым айында өткен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында 261 келі зілтемірді бағындырып 1 орынға ие болып, 2016 жылғы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, жұлқи көтеруде 111, серпе көтеруде 132 келі=243 келі зілтемірді бағындырып қола медальға ие болды.