Майя Манеза

Ауыр атлетика

maya

1985 жылы 1 қарашада Қырғыз КСР-інің Тоқмақ қаласында туған. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген.

Ауыр атлетикадан 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі жаттығу жиынтығы бойынша 246 кг жинаған әлем чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009), ал 2011 жылы күміс жүлдегер. Серпе көтеруден 141 кг көтеріп, әлемдік рекорд жасаған. XVI Азия ойындарының алтын жүлдегері (2010), ауыр атлетикабойынша ҚР кубогының иегері, ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009). «Құрмет» орденімен марапатталған (2009). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009).

Лондондағы ХХХ Одимпиада ойындарының чемпионы.