Мамыров Мәулен Сатымбайұлы

Күрес

maulen

1970 жылы 14 желтоқсанда Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Ақиық ауылында дүниеге келді.

1978 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттады.

1985 жылы Алматы қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы  Республикалық спорт мектеп интернатына оқуға түсті.

1990 жылы Олимпиадалық резервтер кәсіптік мектебін бітіріп шықты.

1990 жылы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы университетке “дене шынықтыру” факультетіне түсіп, оқуды 1994 жылы бітірді.

1993 жылы тұрмыс құрды. Екі ұлы бар.

1999 жылы Талдықорған қаласының олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушы-жаттықтырушысы.

2003 жылы Талдықорған қаласының № 1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқытушы-жаттықтырушысы.

2005 жылы Қазақстан Республикасы ФСО «Динамо» орталық советінің әдіскері

2007 жылы аралығында Алматы облысының еркін және грек-рим күресі Федерациясының Вице Президенті.

2007 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін Алматы облысының «Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.