Мкхитар Размикович Манукян

Күрес

3123

1973 жылы 20 қыркүйекте Армян КСР Ленинакан қаласында туған. Армян. Әкесі - Манукян Размик. Анасы - Манукян Нора. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2000), жаттықтырушы-оқытушы. Орыс, армян және ағылшын тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1986 жылдан күреспен айналыса бастаған.

2004 жылдан - ҚР Күрес федерациясының грек-рим күресінен жаттықтырушы-нұсқаушысы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1995); Әлем чемпионатының жеңімпазы (1998, 1999); Әлем кубогының күміс жүлдегері (2003); XXVIII Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Афины, 2004). Грек-рим күресінен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1998). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2004).