Сергей Юрьевич Филимонов

Ауыр атлетика

34234

1975 жылы 2 ақпандаАлматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында туған. Орыс. Әскери спорт колледжін бітірген (1997); қазіргі уақытта I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті. ≪Нұр Отан≫ ХДП мүшесі.

1984жылдан - ауыр атлетикамен айналысуды бастады. Ауыр атлетикадан жаттықтырушы-оқытушы. Жасөспірімдер арасындағы Әлем іріншілігінің (Чехия, 1991), Азия ойындарының қола жүлдегері (Бангкок, 1998); Еуропа чемпионы (1995); серпе көтеруден 173 кг нәтижесімен 77 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлем рекордшысы; XIV жазғы Азия ойындарының чемпионы (Пусан, 2002); Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы - 4-ші орын (2000); XXVIII Олимпиада ойындарының (Афины, 2004) 372,5 кг нәтижесімен 77 кг дейінгі салмақтағы күмісжүлдегері; Әлем кубогының иегері (2004); ауыр атлетикадан ҚР бірнеше мәрте чемпионы және рекордшысы. ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2004). «Құрмет≫ орденімен; ≪Ерен еңбегі үшін≫ (2004) медалімен марапатталған.