Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы

Дзюдо

smagulov

Туған жылы: 1976 жылғы 1 желтоқсан

Туылған жері: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы.

Ұлты: қазақ

Тұрғылықты жері: Талдықорған қаласы

Білімі: жоғары

Спорттық атағы: Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Жетістіктері:

1997 жылы Ресей мемлекетінің Мәскеу қаласында өткен халықаралық турнирде дзюдодан ІІІ-орын.

1999 жылы Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында дзюдодан халықаралық турнирде І-орын.

1999 жылы Бішкек (Қырғызстан) қаласында өткен Орталық Азия Ойындарының чемпионатында І-орын.

2000 жылы Жапония мемлекетінің Осака өткен қаласында Азия чемпионатында ІІ-орын.

2000 жылы Австралия мемлекетінің Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Қазақстан Республикасының «Дзюдо Тарланы» орденімен марапатталған.