Жіткеев Асхат Расулұлы

Дзюдо

9999999999999

Туған жылы: 1981 жылғы 13 сәуір

Туылған жері: Алматы облысы, Ақсу ауданы, І.Жансүгіров кенті.

Ұлты: қазақ

Тұрғылықты жері: Алматы қаласы

Білімі: жоғары

Спорттық атағы: Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Лауазымы: Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының вице-президенті, Халықаралық дзюдо федерациясының дзюдоны дамыту бойынша спорттық дирекциясы комиссиясының мүшесі.

Жетістіктері:

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Азияның үш дүркін чемпионы. Азия Ойындарының екі дүркін қола жүлдегері.

2001 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерi

2002, 2006 жылдардағы Азия ойындарының қола жүлдегерi

2003 жылғы орталық Азия ойындарының жеңімпазы.

2003, 2004, 2008 жылдары үш дүркін Азия чемпионы.

2004 Афинада өткен ХХVIII Олимпиада ойындарында жетінші орынға ие болған.

2005 жылғы Азия чемпионатының күмiс жүлдегерi

2008 жылы Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері.

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасының дзюдодан ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.

2008 жылы «Парасат» орденiмен марапатталған.

Ақсу ауданының құрметті азаматы